Қамсыздан қылма кəлима айтпай көз ілген. ..
Қамсыздан қылма кəлима айтпай көз ілген. ..

Өзімнен қашып тығылсам ба екен өзіме, 

Надандығымнан , жамандығымнан безіне.

Ауырса жаның айыбым менің бар-ау деп, 

Қарғадай балам ,қарай алмадым көзіңе. 

 

Несіне күлдім, несіне жылап зар қақтым. 

Түнекті түріп атқанда таңы Аллаһтың.

Сəждеде маңдай, жүректе Құран тұрғанда, 

Жалғанда біздей бақытты бар ма, ардақтым.

 

Құлшылықпенен хұсни құлық қазынаң.

Анаңа келген иманның дəмін сезіп ап, 

Шалқы да жаса.

Шаттанып жар сал  ғаламға :

СубханАллаһ, уəлхамдулиллəһ, сөзің-ақ. 

 

Сөзің-ақ Раббым, Өзің- Хақ  Алла Тағалам,

Шафғатың мол ғой,қорғансыз жетім анаға.

Иманның  бағын көктете салдың кеудеме, 

Шарқ ұрғанымда тура жол іздеп балама. 

 

Тəубенің ғана тамшысы ақса көзімнен,

Қамсыздан қылма кəлима айтпай көз ілген. 

Қас- қағым сəтке  қалдыра көрме нəпсіме,

Өзімнен қашып сұрадым пана өзіңнен.  

               2012 жыл. 

Самал ЖалымбетоваСамал Жалымбетова
9 лет назад 5425
1 комментарий