Жəннаты бұл жалғанның иман екен,
Қатесін білген құлға қиған екен.
Ішінен адамзаттың қалап алса ,
Иемнен артық қандай сый дəметем .
Ғайыпқа көрмесем де кəміл сендім.
Шүкірмен өртін бастым жалын-шердің.
О,Рахман, осы ғапыл қалпымызбен
Киелі кəлəміңнің дəмін сездім.
Құлыңнан Құраныңды - құтыңды алмай,
Арадай құмар қылшы зікір - балға.
Иманмен ұл сүйгізген , қыз сүйгізген,
Шектеусіз нығметіңе шүкір , Алла !
Адасқан көп ішінен қайтарып ап,
Талассыз тура жолға салғаныңа.
Деп сансыз шүкірлік еткен едім, сізге айнымас иман тілеймін.
Иманың-жиғаның,
Болмаса иманың.
Тамұққа ұмтылып,
Жұмақты қиғаның.