Жəннаты бұл жалғанның иман екен
Жəннаты бұл жалғанның иман екен

         Жəннаты бұл жалғанның иман екен,

         Қатесін  білген құлға қиған екен.

         Ішінен адамзаттың қалап алса ,

         Иемнен артық қандай сый дəметем .

       

         Ғайыпқа  көрмесем де кəміл сендім. 

         Шүкірмен өртін бастым жалын-шердің.

         О,Рахман,  осы ғапыл қалпымызбен 

         Киелі  кəлəміңнің  дəмін сездім. 

         

        Құлыңнан  Құраныңды - құтыңды алмай,

        Арадай құмар   қылшы зікір - балға.

        Иманмен ұл сүйгізген , қыз сүйгізген, 

        Шектеусіз нығметіңе шүкір , Алла !

 

Самал ЖалымбетоваСамал Жалымбетова
8 жыл бұрын 2827
2 пікір
  • Шүкірлік еттім Е, Аллам!
    Адасқан көп ішінен қайтарып ап,
    Талассыз тура жолға салғаныңа.

    Деп сансыз шүкірлік еткен едім, сізге айнымас иман тілеймін.
    Иманың-жиғаның,
    Болмаса иманың.
    Тамұққа ұмтылып,
    Жұмақты қиғаның.
    8 жыл бұрын
  • Рахмет тілегіңізге ,əмин
    8 жыл бұрын
Блог туралы